Атырау облысында 30 гектар қамысты алқап өртеніп кетті

Ulysmedia

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖД

Ведомство дерегінше, өрт оқиғасы 26 наурызда сағат 16:55-те Бірлік ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Қиғаш өзенінің жағалауында болған.

«Қамыстың жанып жатқаны туралы шақырту түсе салысымен, өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына жетті. Белгілі болғандай, «Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ аумағында қамыс жанып жатқан. Қамыс өрт жалпы ауданы 30 га тараған. Оның ішінде ТЖД қызметкерлері мен «Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ күштері 21га көлеміндегі қамыс өртін сөндірді және 9 га өрт өздігінен өшкен. Өрт 21:30 сағатта толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД,  «Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ 31 қызметкері, 1 бірлік техникасы, 5 дана мотопомпасы, 4 бірлік қайығы жұмылдырылды.