×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Апаттан көз ашпаған Риддер ЖЭО-да 2 күнде 3 ақау шықты

27.04.2023, 08:03
Twitter

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында екі күнде 3 ақау шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы «Риддер ЖЭО» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Бірінші ақау 22 сәуір күні шыққан.

«Отын беру трактында ақау болып, оны жөндеуге 9 сағат уақыт кетті. Ал 23 сәуірде №4 қазандық апаттық жағдайда өшірілді. Бірден резервте тұрған екінші қазандық іске қосылды. Бірақ бес сағаттан кейін екінші қазандықта да ақау болды. Мамандар шұғыл түрде қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды», - делінген хабарламада.

25 сәуірде бесінші қазандық қайта іске қосылған. Қазір орталықта екі орта қысымды қазандық жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, наурызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Риддердегі жылу электр орталығында екі қазандықтан өрт шыққанын хабарлаған болатын. Даниал Ахметов стансаның жаңа иелерін технологиялық бұзушылықтар жасады деп айыптады.

Сондай-ақ, 23 наурызда Риддер ЖЭО №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы жарылды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты.

24 наурызда қалада өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

ШҚО прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесін Риддер ЖЭО-ның техникалық жай-күйі көңіл көншітпейтінін көрсетті. Жылу электр орталығының басшылығына 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Өткен жылдың соңында жылыту маусымы басталғалы Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған.

Бұдан бұрын ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ны монополиядан шығару қажеттігін айтқан.

Сондай-ақ, 19 сәуірде аймақ басшысы қалада төтенше жағдай режимін алу жоспарда жоқтығын жеткізді.

 

 

Серіктес жаңалықтары