×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Маралды халқы VS алтын қазушылар: Индустрия министрі «сәл сабыр етуді» өтінеді

02.05.2023, 10:59
Коллаж: ulysmedia.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев алтын зауытына қарсы наразылық білдірген Маралды ауылының шағымы жөнінде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет кулуарында Ulysmedia.kz тілшісі министрден Шығыс Қазақстан Күршім ауданы Маралды ауылының мәселесі жөнінде пікірін сұрады.

«Жалпы алтын зауыты бойынша осы апта емес, келесі аптада әкімдіктің өкілін, сонымен қатар жергілікті халықпен қосымша кездесу өткіземіз. Содан соң ғана жауап береміз. Өйткені бірнеше мәселе бар. Айтып жатқандарыңыз дұрыс, екі тарап бір-бірімен келісімге келіп тұрған жоқ. Сондықтан, баршасының басын қосып, жауап береміз», - дейді ол.

Қарабаев «нақты шешім қабылданды» деп айта алмайтынын, келесі аптада әр тарапты тыңдағаннан кейін жауап бере алатынын айтты.

«Шамалы сабыр сақтаңыздар. 15-не дейін (мамырдың) бәрінің басын қосып, содан кейін қосымша айтатын боламыз», - деді ол.

Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылындағы алтын жыры әлі басылмай тұр. Екінші жыл қатарынан жергілікті тұрғындар ауыл аумағына алтын қазатын фабрика салынбасын деп, талап қойып келеді. Амалы таусылған халық тіпті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан «олигархтардан қорғауды» сұраған еді. Өткен аптада маралдылықтар жарылыстар басталып кеткеніне шағымданды.

Серіктес жаңалықтары