"Қазгидромет" маусым айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болатынын болжады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Сонымен бірге, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта жекелеген аудандарында қалыпты құрғақшылық аймақтары күтілуде", - делінген хабарламада.
Болжам бойынша орташа құрғақшылық күтілетін өңірлер:
Бұған дейін синоптиктер 2023 жылдың маусым айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан болатын. Болжам бойынша, айдың басында еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады. Маусым айының ортасында ыстық күндер өткінші жаңбырмен, екпінді желмен, найзағаймен, бұршақпен және шаңды дауылмен салқын ауа райымен ауыстырылады.