Жаңбыр жауып, шаңды дауыл соғады: Қазақстандағы ауа райы болжамы

Ulysmedia

Қазгидромет еліміз бойынша 2021 жылғы 14-16 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

«Кезең ішінде ауқымды антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек 16 қазанда Солтүстік-Батыс циклон жырасының ықпалымен, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, шаңды дауыл сақталады. Ауа температурасының негізгі фоны күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында 15...23 жылы, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 7...15 жылы, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 12....21 жылы болжанады», - дейді синоптиктер.