Ведомствоаралық комиссия өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.
ВАК таратқан мәліметке сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай,Маңғыстау, Павлодар облыстары тұр. Ал «сары» аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар. «Жасыл» аймақта – Түркістан облысы.
Айта кетсек, ведомствоаралық комиссия таратқан мәліметке сәйкес, елде өткен тәулікте 3 959 адам індеттен жазылып, коронавирусты 3088 адам жұқтырғаны туралы мәлімет таратқан еді.