Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 16-18 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Ауқымды антициклон Қазақстан аумағына өз ықпалын тигізуін жалғастыруда — бүкіл республика бойынша құрғақ, жылы ауа райы қалыптасады. Елдің батыс бөлігінде ғана, циклон шұңқырының әсерінен жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде болса, желдің күшеюі, шаңды дауыл болады деп күтілуде. Күндіз республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасының негізгі фоны 12...22 жылуды, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 13...20 жылулықты, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 13....23 жылуды құрайды», - дейді синоптиктер.