Елімізде «Google-ға салық» қашан енгізіледі

Ulysmedia

2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда цифрлық салық енгізіледі. Бұл туралы ҚМ МКК ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Әнуар Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Сүлейменовтың айтуынша, «Google-ға салық» шетелдік және отандық компаниялар арасындағы бәсекелестік жағдайларды теңестіруге мүмкіндік береді. Шетелдік компаниялар бұл салықты сайттардың электрондық сервистері арқылы тауарлар мен қызметтерді сату кезінде төлейді.

«Бұл қандай да бір жаңа салық емес, бұл қосылған құн салығы аясындағы төлем», - деп түсіндірді Әнуар Сүлейменов.

Аталған салық 12% ставкамен төленеді.