Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448– 453 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің 6 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 450,53 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,95 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448 – 453 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 449,1– 451,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,83 – 4,95 аралығында сатып алуға болады.
Еске салайық, 5 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,98 теңгеге төмендеп, 450, 24теңге болған.