Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448– 453 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің 13 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 449,30 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,93 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448 – 453 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 449,5 – 451,7 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,81 – 4,93 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 12 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,26 теңгеге қымбаттап, 449, 23 теңге болған.