Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448– 452 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің 15 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 449,16 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,91 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448 - 452 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 448,9 - 451,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,75 – 4,9 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 14 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,78 теңгеге төмендеп, 449, 03 теңге болған.