А стана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 480- 485 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің 6 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 1 долларға 482, 94 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5, 35 теңге. Еуро – 535, 97.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 484, 3 теңге. Еуро 534–538 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 480 теңге, сатып алу құны – 485 теңге. Еуро 532 теңгеден сатылып, 538 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,25 - 5,37 аралығында саудаланып жатыр.