Жеңіс күні: Қазақстанда қанша ардагер қалды – оларға биыл неше теңгеден беріледі

Сырым Қаржас

Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

20 қаңтар бойынша Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың 120 ардагері бар. Сондай-ақ жеңіске үлес қосқан Қазақстанның 42 545 азаматы есепте.

Олардың ішінде:

  • Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 67 адам;
  • бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындары – 139 адам;
  • Соғыс кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар ардагерлердің жесірлері – 743 адам;
  • Соғыста қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – екі адам;
  • тыл еңбеккерлері – 41 594 адам.