Қазақстанда көпбалалы аналарға қанша теңгеден беріліп жатыр

Сырым Қаржас

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар мен Батыр аналарға 354 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

2025 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында мемлекеттік жәрдемақыларды орта есеппен 856,2 мың адам алды. Жалпы төлем көлемі 354,5 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 613,4 мың көпбалалы отбасы 308,9 млрд теңге алды, ал 242,8 мың марапатталған анаға 45,6 млрд теңге төленді. Тек шілде айының өзінде 846,1 мың адамға шамамен 49,7 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Төлем мөлшері

Көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы төлем балалар санына қарай есептеледі және 2025 жылы 4 балаға – 63 мың теңгеден бастап, 7 балаға – 110 мың теңгеге дейін жетеді. Егер 8 және одан да көп бала болса, әрқайсысына қосымша 15 728 теңгеден төленеді. «Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» атақтарымен марапатталған аналар ай сайын 25 165 теңгеден 29 097 теңгеге дейін жәрдемақы алады.