Сарапшылар доллар неге күш ала түскенін түсіндірді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Сарапшылар доллар неге күш ала түскенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының хабарлауынша, теңге сатушылардың қысымында қалып отыр. Кеше доллар бағамы өскен, бірақ сауда көлемі айтарлықтай өзгермей, 212,1 млн доллар (+1,0 млн) болған.

- Салыстырмалы түрде қолайлы сыртқы ахуалда және валюта бағамының жоғары деңгейінде шетел валютасы импортық жеткізілімдер үшін төлем жасауға, сыртқы қарызды өтеуге және өзге де бір реттік мақсаттарға сатып алынуы мүмкін. Жарияланған статистикаға сәйкес, ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері тамыз айында 4,6%-ға (+2,4 млрд доллар) өсіп, 54,6 млрд долларға жетті. Резервтердің артуы алтын портфелінің ұлғаюымен және екінші деңгейлі банктердің ұлттық банктегі есепшоттары мен депозиттеріндегі қаражаттың көбеюімен байланысты, – делінген жарияланымда.