Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, доллар бағамының тұрақты динамикасы сыртқы және ішкі бірқатар қолайлы факторлардың әсерімен байланысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сауда сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы айтарлықтай өзгеріссіз қалды, алайда сауда көлемі 244,3 млн долларға дейін (+24,7 млн) өскен.
- Мұндай динамика, ең ықтимал жағдайда, сыртқы (мұнай бағасының өсуі, доллар индексінің төмендеуі) және ішкі факторлардың жиынтығымен байланысты.
Жоғары базалық мөлшерлеме бизнес пен халық тарапынан шетел валютасына деген сұранысты төмендетіп отыр. Ал экспорттық түсімді міндетті сату және Ұлттық банк жүргізетін операциялар аясындағы валюта ұсынысы ішкі нарықтағы сұранысты толық өтеп отыр, – деп жазды қауымдастық сарапшылары.