2026 жылы АЕК он пайызға артты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 10 пайызға артты. Қазіргі таңда АЕК мөлшері 4 325 теңге. Былтыр АЕК мөлшері 3 932 теңге болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АЕК-тің өсуімен бірге бірқатар әлеуметтік көрсеткіштер де өзгерді:

  • ең төменгі базалық зейнетақы — 35 596 теңге (бұрын 32 360 теңге болған);

  • ең төменгі зейнетақы — 69 049 теңге (бұрын 62 771 теңге);

  • күнкөріс минимумы — 50 851 теңге (бұрын 46 228 теңге).

Ал ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалды — 85 000 теңге.