Сарапшының пікірінше, аталған банкке ел ішінде де, шетелде де проблема туындауы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Қазақстаннан 7 трлн теңге шығарған банкке қатысты ақпаратқа пікір білдірді. Оның айтуынша, «сұр схема» ұйымдастырушылары тек комиссияның өзінен қомақты пайда тапқан болуы мүмкін.
Ал қаражаттың нақты қай елге бағытталғаны әзірге белгісіз. Сарапшының болжамынша, мұндай ірі сома соңында Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Түркия немесе өзге мемлекеттерге кетуі ықтимал.
— Мәселе — қаражат қай елден қай елге жіберілгенінде. Бұл әлі нақтылауды қажет етеді. Ең бастысы — қай банк туралы сөз болып отыр? Демек, әңгіме ірі қаржы институты жайлы болуы мүмкін. Осыған байланысты оның Қазақстанмен де, басқа елдердің билік органдарымен де проблема туындауы мүмкін бе?, — деді ол.
Саясаттанушының пікірінше, бұл ақпараттың жария болуы бекер емес.
— Бұл тақырыптың көтерілуі жайдан-жай емес сияқты. Не қазақстандық билік қандай да бір реакция болатынын болжап отыр, не болмаса шетелдік органдардың белгілі бір әрекеті туралы алдын ала ақпарат бар, — деп түйіндеді Ғазиз Әбішев.