×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Мусин Бишімбаев ұсталған Гастро-орталықтың құрылтайшысы өз орынбасары болғанынан хабарсыз

21.11.2023, 11:37
Коллаж: ulysmedia.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанадағы әйгілі Гастро-орталықта құрылтайшылардың бірі өзінің орынбасары Қаныш Тілеушин екенін білмегенін айтады. Дәл осы орталықта экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен ұсталған болатын, деп жазады Ulysmedia.kz

– Қаныш Аманбайұлы, бізге шынында да бизнестен келген болатын. Кез келген мемлекеттік қызметкер жұмысқа орналасқан кезде ол декларация тапсырады. Декларациясында несі барын көрсетсе, ешқандай проблема жоқ. Жеке басым білген емеспін. Мен одан ол мәселелерді сұрамаймын. Өйткені ол министр ретінде менің құқығыма кірмейді. Әрбір адамның өз құқығы. Нені сатады, нені сатып алады – бәрі заңға сәйкес болуы керек. Екіншіден, декларацияда көрсетілуі керек, – деді Бағдат Мусин үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов "Бишімбаевты ақтауға тырысқан" блогерлерді айыптай сөйлеп, экс-министрді туыстары ешқашан кешірмейтінін мәлімдеді.

Қылмыстық іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары