Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал қандай

Ulysmedia

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 25 қазандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте вирус жұқтырған 1 353 жағдай тіркелді. Елімізде инфекция жұқтырғандар саны 931 137 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 116, Алматы қаласында - 239, Шымкент қаласында – 25, Ақмола облысында – 126, Ақтөбе облысында - 30, Алматы облысында - 119, Атырау облысында - 10, Шығыс Қазақстан облысында - 58, Жамбыл облысында - 23, Батыс Қазақстан облысында -12, Қарағанды облысында - 139, Қостанай облысында - 83, Қызылорда облысында - 11, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 213, Солтүстік Қазақстан облысында - 135, Түркістан облысында - 12.