Ресейдегі әр бесінші студент – қазақстандық. Бұған қоса елімізде білім саласына құйылатын қаржы бір жылда 14%-ға қысқарған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
2020 жылы Қазақстан білім жүйесі сапасы рейтингінде 93 ел ішінде тек 62 орын алды. Рейтингте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында Қазақстаннан жоғары болып Қырғызстан (55 орын) мен Ресей (36 орын) орналасты, дейді ranking.
«Ресейдің ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2020 жылы Ресейдің жоғары оқу орындарында 281 мыңнан астам шетелдік студент оқыған. Олардың әр бесіншісі – қазақстандық (59,1 мың адам)», - делінген ақпаратта.