Өз-өзіне қол салған НЗМ оқушысын қолдауға арналған наразылық акциясы ресейлік БАҚ-тың назарын аударды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
НЗМ оқушылары ұйымдастырған наразылық акциясы туралы ресейлік БАҚ жазды.
«Дождь» басылымы «Қазақстанда жасөспірімнің өз-өзіне қол салуынан кейін оқушылар мектепке белдемше киіп келді» тақырыбында мақала жазды.
«Жасөспірім өзіне қол салғаннан кейін Қазақстандағы екі мектептің балалары сабаққа юбка киіп келді. Оқушы мектеп психологымен не себепті белдемше киіп келгені туралы әңгімеден кейін өзіне қол жұмсаған», - деп жазды басылым.
Tjournal.ru «Киімнің жынысы жоқ: Алматыда суицид жасаған сыныптастарын қолдаған оқушылар мектепке белдемше киіп келді» мақаласын жариялады.
«Оқушы мектеп балына белдемше киіп келген. Сынып жетекшісі оны киімін ауыстыруға мәжбүрлеп, ұрысқан. Осы күні жасөспірім өзіне қол салды», – делінген мақалада.
«Новая газета» басылымы «Гендерлік стереотиптерді жоққа шығарамыз» тақырыбында мақала жариялады.
«Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы балға белдемше киіп келіп, мектеп психологымен әңгімелескен соң өзіне қол салды. Мектептегі ер балалар наразылықтарын білдіру мақсатында белдемше киіп келді», - делінген мақалада.
Daily.afisha басылымы «Алматыда сегізінші сынып оқушысының өзіне қол салуынан кейін мектептестері сабаққа белдемше киіп келді» тақырыбында мақала жазды.
«Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары сегізінші сынып оқушысының өзіне қол салу оқиғасынан кейін мектепке белдемше киіп келіп, наразылық акциясын ұйымдастырды. Жасөспірімнің өзіне қол салуына балға белдемше киіп келгеннен кейін мектеп психологымен әңгімелесуі себеп болған», - дейді Daily.afisha.
Lenta.ru «Қазақстанда сегізінші сынып оқушысының өлімінен кейін оқушылар мектепке белдемшемен келді» деген мақала жариялады.
«Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары сегізінші сынып оқушысының өлімінен кейін сабаққа белдемше киіп келді», - деп жазды Lenta.ru басылымы.