Төрт тәлімгер де бұрылды: Қазақстандық әнші «Ресей дауысы» шоуына қатысты

Ulysmedia

26 жастағы қазақстандық Ернар Садырбаев «Ресей дауысы» шоуына қатысып, көрмей тыңдау кезеңінде барлық тәлімгерді өзіне қаратты, - деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Ернар Садырбаев Стиви Уандердің Part-Time Lover әнін орындады. Қазылар алқасымен әңгімелесу барысында ол Нұр-Сұлтан қаласынан келгенін айтты.

Төрт тәлімгер де бұрылады деп ойламағанын айтқан ол көрермендерден көмек сұрады. Сәл ойланғаннан кейін тәлімгерлікке Дима Биланды таңдады.

Еске сала кетсек, «Әміре» бүркеншік атымен өнер көрсететін қазақстандық әнші Ернар Садырбаев «Славян базары» эстрадалық ән орындаушыларының халықаралық байқауында бірінші орын иеленген.