×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Мәскеудегі терактіден кейін терроризммен күрес Қазақстанда да күшейеді — сарапшы

25.03.2024, 11:48
Коллаж Ulysmedia

PaperLab зерттеу ұйымының жетекшісі, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев Мәскеудегі теракт Қазақстанға қалай әсер ететіні жөнінде ойын бөлісті. Ол пікірін Qogammetrika телеграм-арнасына жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Жаңа бағдарлама қабылданып жатса да таңғалмаймын”

Сарапшының пайымдауынша, Мәскеудегі терактіден кейін тек Ресейде ғана емес, Қазақстанда да экстремизм және терроризммен күрес күшейеді. Бұл оқиғаны желеу етіп құқық қорғау органдары қосымша құзырет пен қаржыландыру сұрай бастайды. Дін істерімен айналысатын арнайы ведомстволар да осы орайда өз жұмысының қаншалықты маңызды екенін көрсетуге тырысады. Алдағы уақытта экстремизм және терроризммен күрес бойынша тағы бір жаңа бағдарлама қабылданып жатса да сарапшы таңғалмайтынын жазады.

— Бірақ, тағы да бұрыннан айтып жүрген тезисімді қайталайын: экстремизммен күреске біздің мемлекет қаржына да, құзыретті үйіп-төгіп берген. Тіпті көп жағдайда артық қыламын деп, тыртық қылған. Егер экстремизм профилактикасын күшейтемін десе, осы күні жүргізіліп жатқан іс-шараларды реттесін, кеткен қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағаласын және азаматтық қоғаммен кеңірек жұмыс істесін, — деп жазады ол.

Сарапшы бір конференцияға дайындық барысында мемлекеттік сатып алу сайтындағы дін басқармаларының соңғы 3-4 жылдағы лоттарын prozakup.kz ресурсынан көргенін хабарлайды. Оның көмегімен 2020-2023 жылдары әр аймақта дін басқарламалары қандай әлеуметтік тапсырыстар бергенін, олардың сомасы, тақырыптары және тендерлік құжаттарын қарауға мүмкіндік бар. Нәтижесінде, аталған мерзім ішінде мемлекеттік бюджеттен шамамен 1,6 млрд теңге жұмсалғаны белгілі болған. 

— Бұл қаржының 50%-н тек 10 мемлекеттік емес ұйым алған. Яғни, бұл салада бәсекелестік өте төмен деген сөз, әр аймақта бір-бір ұйым жылдар бойы профилактикамен айналысып келеді. 

Бірақ, ең бастысы - жобалардың сапасы мен мазмұны. Техқұжаттарды оқып отырып, тапсырыс берушілердің экстремизмнің алдын алуды "дестуктивті идеологиямен" күреске айналдырғанын көруге болады. Және бұл "дестуктивтілік" көбіне адамдардың сыртқы белгілері бойынша немесе тұрғылықты жері бойынша анықталады. Мысалы, мынадай лот бар: "Организовать комплексные групповые профилактические мероприятия с целью оградить вовлеченных граждан в деструктивные религиозные течения в крупных торговых точках". Іс жүзінде мұндай тапсырыс базарлардағы түрі, киімі басқа адамдармен үгіт-насихат жүргізуге айналады. Өте қарабайыр және дискриминациялаушы түсінік. Мұндай жүздеген лоттың орнына халықаралық стандарттарға сай, еркін бәсекелестікке негізделген бірнеше әлеуметтік жоба жүзеге асырған әлдеқайда нәтижелі болар еді, — деп жазады Серік Бейсембаев.

Мәскеудегі теракт

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды. Соңғы мәліметтер бойынша теракт кезінде 137 адам көз жұмған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

Серіктес жаңалықтары