Нығматулин Болат Әбіловке атаулы коньяк сыйға тартты

Ulysmedia

Әлеуметтік желіде экс-сенатор Ерлан Нығматулиннің саясаткер, кәсіпкер Болат Әбіловке атаулы коньяк сыйға тартқан видеосы тарады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: скриншот

«Грузияда әрқайсысыңызға осындай атаулы сыйлық жасаттық.  Бұл атаулы коньяктар арнайы сіздің атыңызбен жасалды», - деді Нығматуллин.

Кадр сыртында дастарханға қойылған етке қатысты пікірлер айтылып жатты.

«Қарағандының бешбармағы. Осында жеті адам отырмыз, әрқайсысымызға 5 келіден келеді», - деп әзілдеді дастарханда отырғандардың бірі.

Әлеуметтік желі қолданушылары аталған видеоға пікір жазды.

«Тоқ бала аш баламен ойнамайды», «Мен де осылай өмір сүргім келеді», «Сөзім жоқ! Елімізде бір жәрдемақыға қарап отырған қаншама аш бала бар, қаншама мүгедек бар. Бір жалақыға қараған адам бұлай өмір сүрмейді. Мұның бәрі халықтың ақшасы» деп жазды желі қолданушылары.