Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 17,3 мың адам қайтыс болды

Ulysmedia

Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 28 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, 5 қарашадағы мәліметке сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының 145 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркеліп, 205 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 1 тамызы 2021 жылдың 5 қарашасы аралығында 80329 адам ауырып, 5068 адам қайтыс болды, 69897 адам жазылып шықты. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, 5 қарашада коронавирус инфекциясынан 25 адам қайтыс болды. 2020 жылдың 13 наурызы – 2021 жылдың 6 қарашасы аралығында елімізде індет 948 599 адамнан анықталып, 12 250 науқас қайтыс болды.