Қазақстанда 4 өңір «қызыл» аймақта

Ulysmedia

7 қарашадағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: 24kz

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары енген.

6 қарашамен салыстырғанда коронавирус матрицасы өзгеріссіз қалды.