Қос азаматтығы бар басшылар жұмыстан босатылды

Ulysmedia

Елімізде соңғы жылда 15 мыңнан астам адамның қос азаматтығы бары анықталған деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, Қазақстанда 15451 адамда қос азаматтық әшкереленген. Олардың арасында, тіпті, 1 ұлттық компания басшысы, 6 мемлекеттік қызметші және бюджеттік ұйымдарда істеген 4 қызметкер бар. Олар заңға, Еңбек кодексіне сай, жұмыстарынан босатылып отыр.

“Президент тапсырмасын іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік ұйым басшыларының қос азаматтықтығы үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша түзетулер әзірленді”, — дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Заң бұзғандар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы бойынша, сот шешімімен 200 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Сонымен қатар, ҚР азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты алынып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы мүмкін.

Құзырлы орындар, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салады.