Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Ulysmedia

Бүгін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ДДҰ мақұлдаған Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілде, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынды.

Comirnaty-американдық Pfizer компаниясы мен германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады. Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.

Бірыңғай дистрибьютор келіп түскен вакцинаны ҚР ДСМ СЭБК-нің разнарядкасына сәйкес, жедел тәртіппен еліміздің өңірлеріне жеткізідеді. Алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қол жетімді болады.

Сондай-ақ, вакцинаны енгізу үшін қажетті шприцтер қоры сатып алынды. Вакцинацияның тиісті қызметкерлері вакцинамен дұрыс жұмыс істеуге және оны қолдануға үйретілді.