Астаналықтар Pfizer вакцинасын қай жерге барып салдыра алады

Ulysmedia

15 қарашадан бастап Нұр-Сұлтанда Pfizer-мен вакциналау басталады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Астана әкімдігнің Фейсбуктегі парақшасына жарияланған мәлімет бойынша, тиісті контингентке екпе қаланың медициналық ұйымдарында және жасөспірімдерге білім беру мекемелерінде салынады.

Алайда, қаланың барлық медұйымдары жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, лактация кезеңіндегі әйелдер мен балаларды вакциналау науқанына қатыспайды.

Қалалық Денсаулық сақтак басқармасы Pfizer вакцинасы салынатын медициналық ұйымдар тізімін ұсынып отыр:

- Қалалық #1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханасы

- «Достық» отбасылық денсаулық орталығы;

- «Жанұя», «Салауатты Астана», «Шипагер», 2Кировская» ЖШС (барлық филиалдары).