Алматыда «Ақсай» сауда үйі өртенді

Ulysmedia

Алматыда «Ақсай» сауда үйінен өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Алматы ТЖД

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін түскі 13:45-те шыққан. Сауда үйінің өртеніп жатқаны туралы хабарламаны ала салысымен арнайы жасақ оқиға орнына барған.

«Өрт сөндіру бөлімшелері жоғары дәрежедегі шақырту бойынша шықты. Оқиға орнына 6 минутта жеткенде «Ақсай» сауда үйінің 1 және 2-қабаттарындағы бутиктерде 150 шаршы метр аумақта өрт шыққанын анықтады. Дереу әмбебап және лафеттік өрт оқпандары енгізіліп, газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 тобы және түтін шығаратын автокөлік жұмылдырылды. AD 120 түтін шығаратын жану өнімдерінің концентрациясын азайту үшін пайдаланылды», - деп хабарлады департамент.