Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 27 қараша күні сағат 20.20 шамасында Yutong маркалы автобусын басқарған жүргізуші Жұмабаев көшесінің шығыс бағытынан Жансүгіров көшесінің шығыс бағытына қарай келе жатып, Жұмабаев көшесіндегі жаяу жүруге тыйым салынған жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Жол-көлік апаты салдарынан 40-45 жас шамасындағы белгісіз жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті Анықтау басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Салтанат Хишанло.