Абай облысында өз әпкесінің малын ұрлаған қылмыскерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ІІМ-нің мәліметінше, Абай облысының тұрғыны қорағы малды түгендеу кезінде қорада бір қой, бір ешкі жоқ екенін білген. Кейіннен малды оның екі туысы ұрлағаны анықталды. Олардың бірі жәбірленушінің сіңлісі болып шықты.
Сот оларды кінәлі деп танып, әрқайсысына бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сотталғандар жазасын өтеу үшін Семейдегі қауіпсіздігі ең төмен түзеу мекемесіне жіберілді.