Коронавирусқа шалдыққан 96 науқастың жағдайы өте ауыр

Ulysmedia

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

4 қарашада 24 326 адам коронавирус инфекциясынан (–21 013+ және 3 313 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 994 пациент стационарда, 19 332 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 349 адамның жағдайы ауыр, 96 пациенттің жағдайы өте ауыр, 60 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.