Тағы бір алматылық бойжеткен 12-қабаттан секіріп кетті

Ulysmedia

Алматыда 22 қарашадан бері өз-өзіне қол жұмсаудың үшінші фактісі тіркелді. Бұл жолы жас қыз  12-қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: krisp__almaty/instagram

Желіде әлдекімнің Ақсай шағын ауданындағы тұрғын үйдің 12-қабатынан секіргені туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі растады. Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзін-өзі өлтіруге апару» бабы бойынша іс қозғады.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматылық әйел үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кеткен болатын.