×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Нұр-Сұлтанда 227 адам «омикрон» штамына қатысты карантинде

08.12.2021, 10:14
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа «омикрон» штамы қоздырған коронавирус деректері анықталған елдерден келген 227 адам үй карантинінде жатыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова, олардың барлығында ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткенмен, тұрғылықты жерлері бойынша медициналық бақылау жүргізілуде екенін жеткізді.

«Омикрон» штамы бұрынғыларға қарағанда тіпті жұқпалы болып келетіні аңғарылды. Сондықтан баршаңыздан шетелге шықпай қою тұруды сұраймын», – деді ол бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада «Pfizer» препаратымен вакцинациялауға жататын контингенттің 8,6 мыңнан астамы егілді. Вакцинациядан өткендер арасында бірінші орында жасөспірімдер – 12 жастан асқан 5 900-ге жуық бала тұр. Жалпы қала бойынша КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 475 мыңға жуық азамат алса, 434 мыңға жуық тұрғын иммундаудың толық курсынан өткен. 1600-ден астам адам қайта егілген.

Серіктес жаңалықтары