Тауар құны кассадағы бағамен сәйкес келмесе не істеу керек?

Ulysmedia

Кейде тауар бағасы кассаға келгенде белгіленген бағадан әлдеқайда жоғары бол шығады. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі және қарапайым тұтынушы оны байқамай да қалуы мүмін. Көбі тауар бағасында қателік кетпегеніне көз жеткізуге тырысады. Ал, кейбіреуі дау-дамайға уақыт жұмсағысы келмей, касса көрсеткен құнмен келіседі. Біреу тауарды алудан бас тартады.

Фото: ашық дереккөзден

ЗАҢДА НЕ ДІЛЕНГЕН

Кассадағы бағаның сөреде көрсетілгеннен өзгеше екенін көріп, сіз залға барып, қажетті тауардың бағасын суретке түсіруіңіз керек. Содан кейін сіз дүкен әкімшісін шақырып, оған тұтынушы құқықтарының бұзылу фактісі туралы, бағаның айырмашылығы туралы хабарлауыңыз керек.

Мәселен, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында сауда орындарында сатушы тауарды ішкі және сыртқы витриналарында ілінген баға белгісімен сатуға міндетті екені көрсетілген. 

Өйткені, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 447-бабына сәйкес белгілі бір баға бойынша тауарды сатып алу туралы ұсыныс жария ұсыныс. Ал тауардың бағасы ұсыныстың дәлелі. Осылайша, тұтынушы тауарды көрсетілген бағаға сатуды талап етуге және жаңадан белгіленген бағамен келіспеуге құқылы. 

ДҮКЕНГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

 Сонымен қатар, егер сатушы бағаны затбелгіде көрсетілгеннен жоғары белгілесе немесе өнімде мүлде баға белгісі болмаса, кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабының 4, 5-тармақтарына сәйкес 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.  

Егер соған қарамастан тауар баға белгісінде көрсетілгеннен басқа бағамен сатылса, тұтынушы сатушыдан артық төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы. Ал сауда нүктесінің әкімшілігі қайтарудан бас тартса, тұтынушы баға белгісінде көрсетілген сома мен нақты алынған сома арасындағы айырмашылықты төлеуді талап етіп, басшылыққа талап арыз жазуға құқылы. 

ӨСІМПҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Сауда нысанының басшылығы жазбаша талап арызға жауап бермесе және күнтізбелік 10 күн ішінде ақшаны қайтармаса, тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органға немесе субъектіге өтініш бере алады. 

Тұтынушы арыз-талап жазған  күннен бастап кешіктірілген әрбір күн үшін тауар құнының кемінде бір пайызы мөлшерінде айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіру туралы талаппен сотқа дейін реттеу «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-тармағына сәйкес қаралады. 

Дереккөз: saryarqanews.kz