×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Өткен аптада 5 облыста азық-түлік бағасы қымбаттады

11.12.2021, 14:39
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

primeminister.kz-ның мәліметінше, өткен аптада бағаның өсуі еліміздің үш облысында – Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркелді. Ең көп өсім Түркістан облысында және Алматы қаласында байқалды. Атап айтқанда, қырыққабат 0,7%-ға, қарақұмық жармасы, айран 0,4%-ға, сүт, тұз 0,3%-ға қымбаттады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов алдағы мереке күндерін ескере отырып, бағаны қадағалау, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және сауда желілерімен жұмыс жасауды күшейтуді әкімдіктерге қатаң тапсырды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықта тапшылықтың алдын алу және бағаны тұрақтандыру мақсатында мал мен көкөніс экспортына шектеу қою жұмыстарын жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары