Тұман, көктайғақ, жел: бірқатар өңірде ауа райы бұзылады

Ulysmedia

15 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ, жел болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың батысында және орталығында екпіні 17-22 м/с болатын жел болуы ықтимал.

Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болмақ.