Қазақстандық журналист Максим Карташов көз жұмды

Ulysmedia

Спорт журналисті Максим Карташов өмірден озды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

shaiba.kz-ның мәліметінше, Максим Карташов 49 жасқа қараған шағында көз жұмды. Инсульт алғаннан кейін бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмды.

Карташов қазақстандық хоккей туралы 1990 жылдардан бастап хабардар етті. «Қазақстан хоккейі» журналының бас редакторы және «Қазақстанның үздік хоккейшісі» байқауының атқарушы директоры қызметтерін атқарды.

Ulysmedia.kz редакциясы журналистің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.