×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Әлішер Кәрімов ресейлік «Голос» шоуына тәлімгерсіз қатысады

17.12.2021, 00:58
Фото: ашық дереккөз

28 қарашаға қараған түні өмірден озған Александр Градскийдің шәкірттері «Голос» шоуына тәлімгерсіз қатысуды жалғастырады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

starhit.ru-дың мәліметінше, тәлімгер қайтыс болғаннан кейін үш апта өткен соң Бірінші арнада көрсетіліп жатқан жоба басшылығы оның командасы ары қарай не істеу керектігін шешті. Градскийдің орнын композитордың ұлы Даниил немесе басқа беделді тұлғалар, атап айтқанда Лариса Долина немесе Григорий Лепс алады деген пікірлер айтылды.

Белгілі болғандай, тәлімгердің орнын ешкім ауыстырмайды. Градскийдің шәкірттері оның атындағы командада өнер көрсетуін жалғастырады.

Жаңа тәлімгер 100% болмайды. Қазір Градский командасында үш вокалист бар. олар: қазақстандық Әлішер Кәрімов, Татьяна Качурина және Карина Купер. Олардың қайсысы жартылай финалға өтетінін телекөрермендер онлайн дауыс беру арқылы таңдайды.

Серіктес жаңалықтары