×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Астанада жаңа жылдық себеттер 2 млн теңгеден сатылып жатыр

22.12.2021, 10:53
Фото: ulysmedia.kz

Керуен сауда орталығындағы Galmart дүкенінде жаңа жыл қарсаңында 2 млн теңгелік сыйлық себеттері қойылды. Көпшілік мұның қымбат екенін айтып таңырқасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Себеттердің бағасы 45 мың теңгеден басталып, 2 млн теңгеге дейін жетеді. Дүкен өкілі себеттердің қымбат болуын сыйлық арасында бағалы шараптар бар деп түсіндірді.

«Сұраныс болған соң сатылып жатыр. Мұның ішінде не жоқ дейсіз. Мысалы коллекциялық виноның бағасы жыл сайын өседі, одан кейін сирек кездесетін ішімдіктер, қымбат шоколадтар бар. Сондай ерекшеліктері бар», – дейді дүкен өкілі.

Оның айтуынша қойылғалы бері 1 млн 200 мың теңгелік үш себет өтіп кеткен. Мәселен, сол себетке салынған Macallan аталатын көне элиталық шотландтық вискидің 200 жылдан астам тарихы бар. Виски бағасы өндірілген жылына байланысты 30 мың теңгеден басталып, 1 млн 900 мың теңгеге дейін қымбаттай береді.

Ал әлемде кең таралған Leonidas шоколады да осы қатардағы қымбат сыйлықтардың бірі. 1913 жылдан бері өндірілетін Бельгия шоколады астанада арнаулы екі дүкенде сатылады.

2 млн теңгелік себеттерге де сұраныс бар көрінеді. Біз бағасын қызықтап тұрғанымызда себеттерді сұрап, алуға ынта білдіргендер де болды.

«Себеттерді басында қойғанымызда мыналарың не сұмдық деушілер де табылды. 1 млн теңгелік себет күнде өтеді. Сұраныс бар», – дейді ол.

Көпшілік себеттердің өте қымбат екенін айтып, «2 млн теңге айлық алатын депутаттар алатын себет болар», «9 млрд теңге жұмсалған санақпен айналысқандарға бұл ақша түк емес. Бал ұстаған бармағын жалайды» деп пікір жазып жатыр.

Серіктес жаңалықтары