Кеше «Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова өткізген баспасөз конференциясында «омикрон» штамын қателесіп «Оксимарон» деп атап қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желі қолданушылары оның қателесіп айтқан сөзін іліп әкетіп, ресейлік рэпер – Оксимиронның құрметіне солай атағаны туралы жазды. Бұл әзіл әлеуметтік желілерде тарап кетті, тіпті «Ол Оксимироннан көз жұмды» деген тіркес пайда болды.