×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Халық Құрметке үй алуға қаражат жинап берді

25.12.2021, 16:56
Фото: ашық дереккөз

Халық екі жарым күн ішінде қуаңшылық жайлаған өңірлерде шөп жіберуге көмектескен Құрметтің үй алуы үшін 10 миллион теңге жинап берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы блогер Мақсат Толықбай Фейсбук парақшасына жазды.

Екі жарым күннің ішінде біз ойлағаннан артық қаржы жиналды. Осымен, Құрмет бауырымызға ақша жинау тоқтатылады. «Көп түкірсе – көл» деген. @elge_komek_ber, «Алматы-70» тобына ерекше алғысымды айтамын. Қадірлі ағайын, сіздердің арқаларыңызда қазақтың бір баласы жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алады, бұйырса», - деп жазды ол.

Мақсат Толықбай ертеңгі доспармен де бөлісті.

«Ертең Алматыда меценат Dulat Tastekey 9.000.000 теңгенің сертификатын өз атынан табыстайды. (Біз жинаған ақшаның үстіне 50% қосады). Дүйсенбі күні Шымкентке барып, Құрметпен бірге үй іздейміз. Ағайын, жасаған сауаптарыңыз өздеріңізге мың еселеніп қайтсын!», - деп жазды Мақсат Толықбай.

Еске сала кетсек, бұған дейін егер тез арада қажетті қаржы жиналса, үйдің жарты құнын меценат көтеріп алатыны туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары