×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Елордада жылыту маусымы 23 қыркүйекте басталады

21.09.2021, 14:59
фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астанада 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымының басталуы туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қаулыға сәйкес, 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымы Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйектен басталады, дейді әкімдік.

Елордада кейбір әлеуметтік нысандар өтініштер негізінде жылу беру жүйесіне қосылған болатын. Оның ішінде медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар және т.б. әлеуметтік нысандардың дайындығы 100% құрайды.

Сондай-ақ елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар белгіленді. Қатты отынды сатып алу кезінде дүрлігуге және алыпсатарлыққа жол бермес үшін қоймаларда жеткілікті қор көлемі бар.

Қала әкімі бұған дейін хабарлағандай, «Көктал-1», «Көктал-2», «Теміржолшылар», «Агроқалашық» елді мекендерінің тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды. Биылғы күзде Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Агроқалашық (қосылмаған бөлік) елді мекендерінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алады. Сонымен қатар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. Бұл елді мекендерді жыл соңына дейін газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары