Алматы қаласының әкімі 5 қаңтар таңертеңнен Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына үндеу жолдады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Құрметті алматылықтар! Мен сізге қаладағы қиын жағдайға байланысты жүгініп отырмын. Тұрақсыздандыру әрекеттері мен экстремистік әрекеттердің артында ішкі және сыртқы арандатушылар тұр. Құқықтық тәртіп күштері Алматыдағы жағдайды тұрақтандыру, қауіпсіздікті, бейбітшілік пен тыныштықты сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Қазір қаладағы жағдай биліктің бақылауына алынды. Арандатушылар мен экстремистерді ұстау жүргізілуде. Ұйымдастырушылар анықталып жатыр», – деген Сағынтаев қалада төтенше жағдай енгізілгенін, оның коменданты болып Алматы полиция департаментінің бастығы, генерал Қанат Таймерденов тағайындалғанын еске салды.
Ол әкімдік қала тіршілігінің барлық салаларын қалыпқа келтіру бойынша жұмыс жүргізуде екенін келтіріп, барша тұрғындардың ортақ міндеті – мегаполисте тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау, бейбіт тұрғындарға қауіп төндірмеу екенін атап өтті.
«Барлық қала тұрғындарын арандатушылық пен заңсыздыққа бой алдырмауға шақырамын. Осы қиын-қыстау түнде әкімдік пен құқық қорғау органдарына көрсеткен қолдауларығыз үшін баршаңызға алғыс айтамын – түсіністік, жауапкершілік, қаламызға деген сүйіспеншілік үшін рахмет», – деді шаһар басшысы.