×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Астанада әуежайдан вокзалға арнайы рейс жүреді

11.01.2022, 22:36
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының халықаралық әуежайының жұмысын уақытша тоқтатылуына байланысты әуе рейстері жолаушылардың кейіннен теміржол көлігі арқылы Алматыға келуі үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

CTS-ның мәліметінше, коменданттық сағат кезінде жолаушыларды жеткізу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS ЖШС «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» – «Нұрлы жол» вокзалы қатынасындағы маршруттық автобустардың арнайы рейсін сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 30-60 минут аралықпен іске қосады.

Төлем белгіленген 90 теңге тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Айта кетейік, арнайы рейс Алматы қаласының әуежайы жұмысын қайта бастағанға дейін уақытша жұмыс істейтін болады.

Серіктес жаңалықтары