Алматыда қаңтар оқиғасына арналған пантеон салынады

Ulysmedia

Алматыда қаңтар оқиғасына арналған болашақ пантеонның эскизін әзірлеуге ашық конкурс жарияланады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

«Жақын күндердің бірінде қаңтар оқиғасына арналған пантеонның эскизін әзірлеу үшін ашық сәулет байқауы жарияланады», - деді Сағынтаев бейсенбі күні зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту жөніндегі қалалық штаб отырысында.

Оның айтуынша, бұл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.