Соңғы тәулікте 12 адам коронавирустан көз жұмды

Ulysmedia

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Оған сәйкес, 21 қаңтар күні Қазақстан аумағында 12 адам коронавирустан қайтқан. Пневмониядан кісі өлімі болмаған. Коронавирустан ажал құшқандардың ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында және Ақтөбе облысында – 3 адамнан.

Сондай-ақ, Ақмола облысында – 2, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Алматы облыстарында – бір адамнан көз жұмды. Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.