Ресейден келген ерлі-зайыпты қазақтардың қонақжайлығына тәнті болды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Ресейлік ерлі-зайыпты қазақстандықтардың қонақжайлылығына тәнті болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл ерлі-зайыптылар жуырда Алматыға қоныс аударған. Сібірден келген бұл жұп – жаңа бастап келе жатқан блогерлер. YouTube-тағы бейнероликтерінде олар қала мен қазақстандықтар жайлы алғашқы әсерлерімен бөліседі. 

— Шынымды айтсам, таңертең көзіме жас келді. Ұзақ жылдар бойы адамдардың қатыгез, көңіл суық, жан жылуын көрсетпейтін жерде өмір сүрген соң, мұнда менің ішкі дүнием түгел өзгеріп жатыр. Біз бұл жаңа қалаға, жаңа елге келгенімізге бар-жоғы бір апта ғана болды. Соған қарамастан, бізге ондаған, жүздеген адам жазып, көмек ұсынып, байланыс нөмірлерін қалдыруда. Бұл біз үшін сөзбен жеткізгісіз сезім! Жүрек қуанады, жан шаттанады. Түсіну үшін айтайын: Новосібірде біз бәрін өзіміз істеуге, бәріне өзіміз төзуге мәжбүр болдық. Ешкімге керек болмадық. Ал мұнда, адамдарды араздастыруға тырысатын арандатушылар не десе де, бізге барлығы көмек қолын созуға дайын, — деп ағынан жарылды ресейліктер.